жексенбі, 29 қыркүйек 2024
Шоу-бизнес 14 24.05.2023 10:10

Әсел Асқар жеңгесі Аишамен қарым-қатынасы туралы айтты

Фото: ©instagram.com/assel.askar/aisha_vee

Блогер, белгілі әнші Бүркіттің қарындасы Әсел Асқар “Nege.kz” сайтына бірген сұхбатында жеңгесі Аишамен қандай қарым-қатынаста екенін жасырмай айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

“Жеңешемді өте жақсы көремін. Десе де жан сырымды ақтарып отырамын дей алмаймын, қалай дегенмен де субардинация ұстаймын. Бұл енді әр адамға тән қатынас деп ойлаймын”, – дейді Әсел Асқар.

“Ер мінезді қыздардың құрбылары аз болады. Солай ма?” деген сауалға блогер: “Құрбыларым бар. Бірақ анаммен, әпкеммен жақын сырласамын. Бірақ проблемаларымды айтып, шешемнің жүрегін жаралағым келмейді. Үнемі менің жайнап-жадырап жүргенімді көрсе деймін”, – деп жауап берді.

Әсел Асқардың жеке өміріне қатысты құрған жоспары да бар.

“Үшінші рет тұрмысқа шығамын. Десе де мынадай немесе анандай жігітке тұрмысқа шығамын деп айта алмаймын. Себебі, екінші рет күйеуге шығарда солай деген едім, бірақ мен қалағандай болмады. "Таңдаған тазға жолығады" деген бар. Әйткенмен өзінің махаббатын іспен дәлелдейтін жігітті қалаймын. Себебі, қарызға батыратындардан шаршадым. Маған жақындайтын ер азаматтың "духы" күшті болу керек. Әдемі сөзге ере кететін жастан өттім. Өзім сияқты қайырымдылықты жаны қалайтын, қажет кезде алақанда аялап, еркелететін ер мінезді күшті адам керек. Себебі, өзімнің ішкі менім мықты екенін білемін. Егер мені асырай алса, баланы тауып, қазан-ошақтың басында отырудан тартынбаймын. Түсіне білгенге ол да бақыт қой”, –дейді блогер.