жексенбі, 29 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 10 24.05.2023 10:34

Африкада тырысқақ ауруынан 15 адам көз жұмған

Фото: med.mcfr.kz

Оңстүстік Африка Республикасында тырысқақ дерті тарады. Бүгінгі күнге дейін Претория қаласында 15 адам көз жұмған. Тағы 37 адамнан ауру белгілері анықталып, ауруханаға түскен. Бұл туралы teznews.kz ақпарат агенттігі Astana арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Оңтүстік Африка тұрғындары халықты таза ауыз сумен қамтамасыз етпегені үшін билікті айыптап отыр.

"Біз бұл суды ішеміз, ал олар суды тазартқысы келмейді. Құбырды ауыстырмайды, ештеңе істегісі келмейді", – деді тұрғын Селло Самуэль Лекото. 

"Мен бұл суды ішетін адамдар үшін алаңдаймын, олардың қатарында балалар да бар. Барлығы өліп қалуы мүмкін", – деп қосты Абрахам Мпетшени. 

Қазір 37 науқас ауруханада жатыр. Барлығында диарея бар және терілері құрғап кеткен. 

"Бүгінгі таңда ел астанасының солтүстігіндегі Хамманскрааль ауданында тырысқақтан 15 адам көз жұмды. Ауру тарап кетпеуі үшін шұғыл шаралар қабылданып жатыр", – дейді Оңтүстік Африка Республикасы сумен қамту дәне санитария министрінің орынбасары Дэвид Махлобо. 

Тырысқақ – лас су арқылы тарайтын инфекциялық дерт. Африкада таза су тапшылығы бар. Сондықтан бұл аймақтағы басты мәселеге айналып отыр. 

"Тшванда ауыз су мәселесі бұрыннан бар. Сонымен қатар саяси мәселелер де бар, салдарынан қалада жанжалдар болып, халық қорғансыз күйде қалды", – деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрінің орынбасары Сибонгисени Дхломо. 

Жергілікті билік тұрғындарға құбыр арқылы келетін суды ішпеуге кеңес береді. Ауыз суды аптасына бірнеше рет арнайы көлікпен әкелгенімен, мәселе шешілмеген. Оның үстіне климаттың өзгеруі де жағдайды ушықтырған.