жексенбі, 29 қыркүйек 2024
Шоу-бизнес 277 25.05.2023 12:34

Танымал әнші Нұрлан Әлімжанның құпиясы ашылды

Фото: sn.kz

“Азия” тобының бұрынғы мүшесі Азамат Тахиров отандық әнші, актер Нұрлан Әлімжанның құпиясын ашты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ”Төрлетіңіз” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Әнші Азамат Тахиров қалың көпшілікке танымал “Ғажайып күй” әнінің тарихынан сыр шертті.

“Бұл ән алғашында телефонмен таралып кетті. Бірі “Бәйтерек”, енді бірі “Жігіттер” тобы айтып жүр” деп халық біразға дейін білмей жүрді. “Азия” тобы әлі таныла қоймаған кез еді. Осы әнге бейнебаян түсіріп шығардық. Бұл ән Айым деген қызға арналған. Нұрланның Айым деген ғашығы болатын. Нұрлан мектепте оқып жүрген кезде Айым деген қызға қатты ғашық болып, оған сезімін білдіре алмай, толқыныста жүргенін әкесі Баянғали Әлімжановқа айтып береді. “Айымды көрсем тілім байланып қалады. Айтайын деген сөзімді айта алмай қаламын. Бірақ көп нәрсе айтқым келеді”  деп әкесіне сырын айтқан. Сонда әкесі: “Жарайды, сен жарты сағат далада ойнай тұр” деп Нұрланды жіберген екен. Бір айналып келсе Баянғали Әлімжанов екі шумақ, қайырмасымен әннің сөзін жазып қойған. Нұрлан әннің сөзін оқығанда, әкесінің іштегі сезімін дәл жеткізгенін түсінді”, -дейді Азамат Тахиров.