жексенбі, 29 қыркүйек 2024
Шоу-бизнес 8 25.05.2023 14:24

Мөлдір Әуелбекова: «Дін - ұлтқа, тілге, нәсілге бөлінбейді!»

Фото: ғаламтордан

Танымал әнші, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мөлдір Әуелбекова хиджаб киіп, орамал тағатындарды жақтап шықты.

Бұл ойын өзінің желідегі парақшасында білдірді, деп хабарлайды teznews.kz caravan.kz сайтына сілтеме жасап.

Әншінің айтуынша дін ұлтқа, нәсілге бөлінбейді екен.

«Дін - ұлтқа, тілге, нәсілге бөлінбейді!
Неше күннен бері телефоныма тыныштық жоқ, жекеме де хаттар таусылар емес. Құрметтілерім! Менің, әлемдердің Раббысы - Алланы, оның әмірін ортаға салып талқылауға тілім тұрмақ, дәтім бармайды. Нүкте», - деп жазды ол.