жексенбі, 29 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 9 25.05.2023 14:47

Биыл елімізде қанша миллион оқушы мектеп бітіреді?

Фото: turaninfo.kz

Қазақстанда 5 миллионнан астам оқушы мен тәрбиеленуші оқу жылын аяқтайды. Бұл туралы teznews.kz Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Биылғы оқу жылын 18 мыңнан астам мектеп, мектепке дейінгі мекеме және кәсіби-техникалық білім ұйымдары аяқтайды. Бұл мекемелерде 5 миллионнан астам оқушы мен тәрбиеленуші білім алды. 172 мыңнан астам оқушы 11-сыныпты, ал 288 мыңнан астам оқушы 9-сыныпты бітірді.

"11-сынып түлектері 5-19 маусым аралығында емтихан тапсырады. 20,21,23 маусым күндері аттестат алады. Сынып сағаттарын, салтанатты түрде аттестат тапсыру, салтанатты линейкалар өткізу кезінде аниматор жалдауға, мерекелік кеш өткізетін агенттіктерді, жеке студияларды жалдау үшін ақша жинауға және сыйлық жасауға қатаң түрде тыйым салынады", - дейді оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова.

Колледждер бойынша қорытынды аттестаттау 28 маусымға дейін жалғасады. 144 мыңнан астам түлек еңбек нарығына шығарылады. Диплом 28 маусым мен 1 шілде аралығында беріледі.