жексенбі, 29 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 12 25.05.2023 18:12

Алматы маңында көкнәр алқабын таптаған көлік видеоға түсіп қалды

Фото: Tengrinews.kz

Оқиға куәгерлері Алматы маңындағы көкнәр алқабында жүрген BMW көлігін видеоға түсіріп алды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде BMW түсірілген видео тарап жатыр. Кадрларда көлік жүргізушісі гүлдер алқабында айналып жүргені көрсетілген.

"Мен оған ескерткен едім, ол: "Өзгенің ісіне араласпа", - деп жауап берді. Сосын мұның бәрін неге бүлдіріп жатқанын сұрадым. Ол: "Қалағанымды істеймін" деді ме, сол сияқты бірдеңе деп жауап берді", - дейді видео сыртындағы дауыс.

Видеоның сипаттамасында оқиға Талдықорған-Қонаев тасжолы маңындағы Арқарлы асуы мен Шеңгелді ауылы арасындағы гүлдер алқабында болғаны айтылған.