жексенбі, 29 қыркүйек 2024
Шоу-бизнес 8 25.05.2023 18:21

Тәуекел Мүслімнің жары желіге отбасылық суреттерін жариялады

Фото: Zakon.kz

Актер Тәуекел Мүслімнің жары Махаббат Мүслім Instagram-дағы парақшасына отбасылық демалыста түскен фотоларын жариялады, деп хабарлайды Teznews.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Тәуекел мен Махаббат Мүслім 2020 жылдың қаңтар айында үйленген. Бір жылдан кейін ерлі-зайыптының тұңғышы дүниеге келді. Кейін тұңғыш сәбиге ерекше – Айтөре деген есім қойылғаны белгілі болды. 2022 жылдың қарашасында актердың отбасында Әмір атты тағы бір ұл дүниеге келді. Танымал адамның әйелі мамандығы бойынша - дәрігер. Қазір ол бала тәрбиесімен айналысады.

Актердың тығыз жұмыс кестесіне қарамастан Тәуекел отбасына көңіл бөлуді ұмытпайды. Жақында жұлдызды отбасы Дубайға демалуға барды.