сейсенбі, 17 қыркүйек 2024
Әлем 13 25.05.2023 19:56

Бельгияда 16 жастан бастап сайлауда дауыс береді

Фото: unian.net

Бельгия мемлекеті ел тұрғындарына 16 жастан өз таңдауын жасауға мүмкіндік бермекші. Осылайша жастар Еуропарламент сайлауында дауыс бере алады, деп хабарлайды Teznews.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Еuronews дерегіне сүйенсек, Белгия сайлау науқанында дауыс беру жас айырмашылығына өзгеріс енгізуге шешім қабылдаған 4-ші мемлекет. Бұған дейін Мальта, Германия және Австрия елдері осындай заңды мақұлдаған еді. 

“Жас айырмашылығын төмендете отырып, біз халықтың, оның ішінде жастардың да үнін, таңдауын естігіміз келеді”, - дейді ішкі істер министрлі Аннелиз Верлинден. 

Осылайша мемлекеттегі 280 000 мыңға жуық бельгиялық жастар келер жылғы сайлау науқанына қатыса алады. Бірақ бұл жаңашылдықтың өз ерекшелігі бар. Яғни кәмелет жасына толған тұрғындар автоматты түрде дауыс беру құқына ие болса, 16 жастан ақан азаматтар сайлау учаскелеріне барып, дауыс беруге ниетті екенін айта тіркелуі қажет.