жексенбі, 29 қыркүйек 2024
Шоу-бизнес 9 26.05.2023 11:54

Сабина Алтынбекова жұбайына қатысты сұрақтарға жауап берді

Фото: ru.sputnik.kz

Спортшы Сабина Алтынбекова әлеуметтік желідегі парақшасында жұбайына қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Teznews.kz порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Instagram парақшасында "Саят Салманұлының екінші әйелісіз бе?" деген оқырман сұрағына спортшы: "Мен Саяттың бірінші әрі жалғыз әйелімін", - деп жауап берген.

Сондай-ақ Сабина Алтынбекова парақшасында күйеуімен түскен суреттерін өшіруге айтарлықтай себеп жоқ екенін айтты.