жексенбі, 29 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 6 30.05.2023 14:30

Семейде ер адам балаларға жыныс мүшесін көрсеткен

Фото: скриншот

Семейде балаларға жыныс мүшесін көрсеткен ер адамның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарап, шу тудырды.

28 мамырда балаларға жыныс мүшесін көрсеткен ер адам Физкультурная көшесінде орналасқан үйдің подъезіндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Telegram-арнасында ата-аналар күдіктіні табуды сұрайды.

 Полиция күдіктінің анықталғанын айтты.

"Күдікті – Семей қаласының 42 жастағы тұрғыны. Қазіргі уақытта толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша заңды процестік шешім қабылданады", – делінген ШҚО ПД хабарламасында.

Ведомствода атап өткендей, қылмыстық істі тергеу барысы туралы өзге де мәліметтер ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.