жексенбі, 29 қыркүйек 2024
79 30.05.2023 15:44

Альбина Шардарова отбасын бұзғысы келгендер жайлы айтты

Фото: ашық дереккөз

Әнші Альбина Шардарова "Төртеу түгел" бағдарламасына берген сұхбатында күйеуі Бауыржан Сатов екеуінің арасына іріткі салғысы келгендер туралы айтты.

"Кездесіп жүрген кез бөлек те, бірге тұру бөлек нәрсе. "Ер азығы түзде" дейді ғой. Кейде күйеуімнің таныс қыздармен сөйлесіп тұрған фотоларын жіберетін. "Сіздің күйеуіңіз мынадай қызбен тұр", - деп жазатын. Адамдар қазір ұрыстыруға шебер ғой. Көре алмайды. Іріткі салады. Сондай қиыншылықтар болды. Жылап отыратынмын. Келген соң: "Бұл кім? Не істеп отырсың?", - деп бастайтынмын. Түнімен күтіп отыратын кездер болды", - деді Альбина Шардарова.