жексенбі, 29 қыркүйек 2024
Шоу-бизнес 44 30.05.2023 17:54

"Шыдау керек": танымал актер қыз-келіншектерге өз кеңесін айтты

Фото: esquire.kz

"Бауыржан шоу" театры арқылы танылған актер Алмат Сақатов "Менің өмірім" бағдарламасына берген сұхбатында жақсы әйел қандай болуы керектігін айтты. 

"Жақсы әйел шыдамды болуы керек. Болды. Егер сабаса, ұрса, күнде арақ ішіп жүрсе, түсінемін. Бірақ еркек оған жетуі керек. Ал еркектің қолы қай кезде ұзарады? Әйелдің тілі ұзарғанда... Әйел шыдаса, тілі ұзармай, тыныш жүрсе, ақылды еркек өз орнына келеді. Шыдау керек, шыдамдылық. Басқа ештеңе керек емес бұл жерде. Күйеуің қыдырып кетті ме, қаңғып кетті ме? Шыда. Өйткені айғайлап, "жағаң помада болып келіпті" , - деп, бетің ашылады. Уақыты келгенде қоясың. Кейбіреулер әйелді еркегіне барын беретін адал болуы керек дейді. Ал шыдамсыз әйел қалай адал болады? Бір ұрсысады, екі ұрсысады. Кейін айғай-шу болғанда бір түкіріп, ол да кетеді. Қашанғы адал болып жүреді? Мен солай ойлаймын. Қиын өмірге шыда. Квартирада жүрген кезде шыда. Күйеуің ақша таппай жүрсе, шыда. Ертең табады. Өйткені мен соны өз әке-шешемнен, әжемнен көремін соны. Шыдамның да шегі бар. Шыдау үшін ақыл, сабыр, парасаттылық керек",- деді Алмат Сақатов.