жексенбі, 29 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 6 31.05.2023 10:53

Тоқаев жазба жариялады

Фото: stan.kz

Мемлекет басшысы 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Twitter парақшасында арнайы жазба жариялады.

"Біз бүгін саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске аламыз. Тоталитаризмнің бұл қырғыны халқымызға орасан зор қасірет әкелді.

Тарихымыздың қайғылы кезеңдерін терең зерделеп, жазықсыз жапа шеккен боздақтарды ақтау ісін жалғастыру – өте маңызды мәселе.

Азалы күндерден сабақ алып, мұндай нәубеттің келешекте қайталануына жол бермеу – баршамызға ортақ парыз.

Біз ауыр сынаққа төтеп берген, ұлт бірлігін сақтап қалған және асыл қасиеттерін жоғалтпаған ата-бабамыздың үмітін ақтауымыз қажет", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ айтулы күнге орай президенттің баспасөз қызметі арнайы видео жариялады.