жексенбі, 29 қыркүйек 2024
Шоу-бизнес 46 01.06.2023 14:22

"Қалаулым" арқылы үйленген танымал жұп ажырасып кетті

Фото: Sn.kz

"Қалаулым" бағдарламасындағы танымал жұп Ислам Алтайбаев пен Шынар Меджанова ажырасып кетті, деп хабарлайды teznews.kz Massaget.kz сайтына сілтеме беріп.

Бұл туралы Шынар Меджанова Instagram-парақшасында бөлісті.

"Біз ажырастық! Бұл - желтоқсанда екі жақты келісіммен қабылданған шешім!
Және осы жазба сіздердің, менің өмірімнің бір бөлшегі ретінде, қазір болып жатқан маңызды өзгерістерден хабардар болуыңыз керек деген оймен жазылған! 19.05.2023 жылдан бастап "Ислам - Шынар" отбасы официально жоқ! Шынымды айтайын, бұның бәрі жаныма қатты батады ,өте ауыр… Себебі ешбір адам отбасын құрар алдында "кейін ажырасамыз" деп құрмайды!" - дейді ол. 

Шынар Меджанованың айтуынша, кейінгі 9 ай көп сынаққа толы болған.

"Блогта барлығын ашып көрсетпедім…Бірақ бүкіл бірге құрған арман-мақсатыңның көз алдыңда күл-паршасы шыққаннын көру оңай емес! Әлі күнге дейін бұл жағдайды толық қабылдап жатырмын! Ешкімді айыптап, жамандап жазбаймын! Жәбірленуші болудан аулақпын! Өзімнің өкпе-ренішімді ешкімге зиянымды тигізбей арнайы маманмен, яғни психологпен шешіп жатырмын! Бірақ айта кететін бір жәйт бар! Біріншіден, ешбір ана баласының әкесіз өскенін қаламайды! Екіншіден, ешкім ажырасу үшін тұрмысқа шықпайды! Үшіншіден, 9 айда аяғым ауыр болып жалғыз қалған мен едім, бірақ қанша қиын болса да осы уақытқа дейін үндемедім. Босанудың қиын екенін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, ал сол сәтте мұндай жағдайды бастан кешіру әлдеқайда қиын! Әркімнің өз шындығы бар, бірақ ортақ шешімі жоқ, сол себепті ары қарай жалғастырудың мәні де қалмады", - деп жазған ол. 

Шынар Меджанова отбасымды сақтап қалуға бар күшін салғанын айтты.

"Ең бастысы мен өкінбеймін, бұл менің сол кездегі таңдауым еді. Өз таңдауымды жамандағаным - өзімді жамандағаныммен тең! Болғанды енді тек менің өткен өмірімнің бір бөлігі ретінде қабылдаймын! Бұл жазбаның басты мақсаттарының бірі осы жағдайдың толығымен осы жерде нүктесі қойылғанын қаладым! Сіздерден де түсіністікпен қарап, өткен өмірім туралы сұрақ қоймауларыңызды сұраймын, жеке шекараны сақтасаңыздар екен. Өткен өмірімнің жағымсыз сәттерін мамырда қалдырып,жазға жаңа деммен қадам басқым келеді! Сол себепті бұл жерден поп-корндарын алып ,кино, өсек-әңгіме күтіп отырған жандар отписка жасай берсеңіздер болады! Алдағы уақытта менің блогымнан түрлі бояуға боялған Шынар қыздарыңыздың өмірін, Омартайдың тәтті қылықтарын және де өздеріңізге арналған пайдалы контентті көре аласыздар", - дейді ол. 

Айта кетейік, Ислам Алтайбаев пен Шынар Меджанова 2021 жылы үйленген еді. Ал былтыр қыркүйекте дүниеге Омар есімді ұлы келген.