жексенбі, 29 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 6 01.06.2023 16:13

Елімізде екі жаңа мереке пайда болады

Фото: wrike.com

Енді Қазақстанда аналар күні мен әкелер күні атап өтіледі. 

 

Тиісті түзетулер Қазақстандағы мереке күндерінің күнтізбесін бекіту туралы қаулыға енгізілді. Құжатқа премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойды.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің хабарлауынша, аналар күні мамырдың екінші жексенбісінде, ал әкелер күні маусымның үшінші жексенбісінде тойланады. 

Министрліктің мәліметінше, аналар күні мен әкелер күні әлемнің көптеген елінде отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасы институтын нығайту және тәрбиелеу үшін атап өтіледі.