жексенбі, 29 қыркүйек 2024
Шоу-бизнес 8 01.06.2023 16:41

Мейіржан Төребаевтың әйелі енелерімен келісе алмай жүрген келіндерге кеңес берді

Фото: ашық дереккөз

Блогер, кәсіпкер Дана Есеева қыз-келіншектерге енемен тату болудың құпиясын айтты.

 

“Жақында мен әлеуметтік желіге келін болып қонақтарға мата таратқан видеомды жүктеген едім. Ол матаның бағасы не болмаса қалай сыйлағаным маңызды емес. Бастысымен енем үйреткенде жасадым. Мен өз туыстарымның қуанышында болсам, туғандарым үйреткендей жасар едім. Мәселе дәстүрдің дұрыс-бұрыстығында емес, күйеуімнің туыстары мені қалай үйретсе, солай жасаймын. Мен өзіме оғаш көрінген көптеген салт-дәстүрге куә болдым. Өзіме: “Мен мұны не үшін жасауым керек?” деген сауал қоятынмын. Салт-дәстүрді “Бұрынғы заманның әдеті” деп өмір бойы жамандай беруге болады. Бірақ іштей: “Енеңмен тату болғың келе ме? Күйеуіңмен түсініскің келе ме? Өз үйіңде “енем не ойлап қалады екен?” деген ойдан арылып, еркін жүргің келе ме? Онда күйеуіңнің туыстарының құндылықтарын бойыңа сіңіре біл” деген ой туады. Қысқасы, қарсыласқан сайын бірінші енеңмен, кейін күйеуіңмен арада түсініспеушіліктер көбейетінін түсіндім. Мен 14 жыл келіндік өмірімде бәрін көрдім. Қарсыластым, қайта табыстым. Бірақ бұл туралы кейін айтамын”, – деп жазды Дана Есеева. 

Блогер ене мен келін туралы өзекті тақырыпты қозғады. Келіндік өмірінен алынған жазба көпшіліктің көңілінен шықты. 

“Келісемін, күйеуіңнің отбасына сіңісіп кету керексің”, “Енемен келіннің арасы жақын болған сайын, күйеуіңмен сыйластық сүйішпеншілігің артады”, “осы жазғандарыңыз кейінгі жастарға үлгі болады”,  “Ең қатал енемен де жайлы өмір сүруге болады”, “Келін сол үйдің адамы екенін сезіну қажет”, – деп жарыса жазды желі қолданушылары.