жексенбі, 29 қыркүйек 2024
Шоу-бизнес 13 02.06.2023 11:35

"Сен сияқты келіншектің оны болады дегенмін": туған күнде тілек айтқан Роза Әлқожа келінін жылатты

Фото: instagram.com

Әнші Әбдіжаппар Әлқожа 31 жасқа толып, туған күнін жақындары мен достары арасында атап өтті. Інісінің мерекесінде тілек айтқан Роза Әлқожа келінін жылатып алды.

Роза Әлқожаның інісінің туған күнінде тілек айтқан сәті Қазнеттте тарады.

"Мен басында ескерткенмін. "Сен сияқты келіншектің оны болады. Соған төзесің бе? Үйге қонбайды. Топырлатып бала босанғаныңмен, бағаламайды. Қыздардың өзі келіп арбайды" дедім. Сонда да қыздар көзсіз батыр ғой. Сонда да "Шымкентке келін боламын. Әулеттің ұрпағын көбейтемін. Серт беремін" деді. Алла ажыратпасын",- деді Роза Әлқожа. Видеодан қайын апасының тілегін естіген Әбдіжаппар Әлқожаның келіншегі көзіне жас алып, Роза Әлқожаның иығына басын қойғанын байқауға болады.