жексенбі, 29 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 4 02.06.2023 15:34

"Әкімдік қызметкерін 35 рет пышақтаған": Ақтөбедегі қылмыскерге үкім шықты

Фото: ғаламтордан

Оқиға осы жылдың ақпан айында болды. Мәдениет бөлімінің бас маманы қайғылы оқиға болған күні жұмысқа шыққанымен, кеңсеге келмеген.

Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

Белгіленген уақытта үйге келмеген соң туыстары дабыл қаққан. Олар полицияға арыз жазды. Екі күннен кейін сотталушыға тиесілі көліктің жүксалғышынан әкімдік қызметкерінің мәйіті табылды. 

Қылмыскер мен жәбірленуші әлеуметтік желіде танысқан. Ер адам үйленбегенін айтты. Кездесуде әйел оның үйленгенін сезіп қалған. Олардың арасында жанжал туындап, сол сәтте ер адам пышақ алып, жәбірленушіге 35 рет соққы берген. Әйелдің денесін жүксалғышқа салып, үйіне қарай бет алған. Екі күннен кейін полиция оны ұстады.

Сот оны 11 жылға бас бостандығынан айырды.