жексенбі, 29 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 5 05.06.2023 13:31

Алматыда полицей әріптесінің басына оқ атып, мерт қылды

Фото: ашық дереккөз

5 маусымда Алматы қаласында полиция қызметкері әріптесін абайсызда атып өлтірген. 

Полицейлер қазір Қылмыстық кодекстің 104-бабы “Абайсызда қазаға ұшырату” бойынша тексеріс жүргізіп жатыр. 

“Алматы қаласы ПД 5 маусым полиция қызметкері қызметтік қарумен абайсызда өз әріптесіне оқ атқанын, ол алған жарақаты салдарынан қайтыс болғанын хабарлайды”, – делінген жазбада. 

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес көз жұмған сержант 28 жаста болған. Олар тамақтану бөлмесінде әңгімелесіп отырғанда Макаров тапаншасынан абайсызда атып жіберген. Куәгердің сөзінше, полицейлердің арасында жанжал болмаған.