жексенбі, 29 қыркүйек 2024
Шоу-бизнес 9 05.06.2023 15:12

Айгүл Иманбаева келін іздеп жүргенін айтты

Фото: ашық дереккөз

Белгілі әнші Айгүл Иманбаева ер жеткен ұлына жар, өзіне келін іздеп жүр. 

“Ұл өсті деген осы. Жүрген жерде Әмина апам құсап, келін іздеп жүретін болдым қазір. Рас айтам. Бірақ, тақия киіп Тайлақ болайын деп тұрған Асылжан жоқ, әрине... Менікі аналық тілек қой. Ибалы, инабатты, тәрбиелі, ақылды, дана, сұлу, мінезі көркем қыздарыңыз бар ма?”, – деп жазды Айгүл Иманбаева. 

Өнер иесінің жазбасының астындағы пікірлерден ұлдарын үйлендіре алмай жүрген аналардың көптігін байқауға болады.

“Менің де 38 жастағы үлкен ұлым бар. Денесінен ұялып, қыздармен сөйлесе алмайды”, “Менің де жағдайым сондай боп тұр. Мен де Әминә апама ұқсап шығамын-ау деймін”, “Балаға іздейді екенсің, ал қызға: “Тұрмысқа шық” дегеннен басқа ештеңе айта алмайсың”, “Менде де сол жағдай, жақсы, әдепті қыз іздеп жүрмін”, – дейді желі қолданушылары.