жексенбі, 29 қыркүйек 2024
Әлем 7 05.06.2023 17:15

Үндістанда салынып жатқан көпір тағы да бөлініп кетті

Видеодан алынған кадр

Үндістанның Бихар қаласында Ганга өзенінде салынып жатқан төртжолақты Султангандж-Агуани Гхат көпірі құрылыс кезіндегі қателіктен опырылып құлады.

Мәліметке сәйкес, кем дегенде 30 плитаның діңгектері құлаған.

Бұл осы көпірдегі екінші жағдай. 2022 жылдың сәуірінде №4, 5 және 6 діңгектері қираған болатын. Оқиға бекітілмеген кабель бағанынан болған. Тұрғындардың бір бөлігі бұған сапасыз құрылыс материалдарын пайдаланған құрылысшыларды кінәлауда.

Билік өкілдері көпір конструкциясының құлау себебін тексеріп, кінәлілерді анықтауға және оларға қатысты қатаң шаралар қолдануға тапсырма берді. Көпір құрылысы 2020 жылдың наурызында аяқталуы тиіс еді, бірақ ол үш жылдан астам уақытқа созылып кетті.