сенбі, 28 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 6 07.06.2023 11:23

Түркістанда 3 балаға азғындық жасаған аазматқа үкім шықты

Фото: ғаламтордан

Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жас балаларды азғындау фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды. Сотталушы 2022 жылдың 22 қазанында танысының, яғни жәбірленушінің үйіне барып, теріс пиғылын іске асырған, деп хабарлайды teznews.kz Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Жәбірленушімен әңгіме-дүкен құрғаннан кейін ол қонақ бөлмеге кіріп, танысының кәмелетке толмаған 2012, 2014 және 2017 жылғы немерелерінің ойнап отырғанын көрген.

Осыдан кейін сотталушы кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық әрекетін қолданбай, қасақана азғындық жасаған.

Сотталушының бұл құқық бұзушылығы ҚР ҚК 124-бабының 3-бөлігіне сәйкес аса ауыр санат ретінде сараланады.

Балалардың анасы бұл факт туралы баламен әңгімелесу арқылы білді. Дәлірек айтқанда, қыз тілінің ауырсынуына байланысты кешкі астан бас тартқан, ал осы сәтте оның қасында болған тағы екі қызы оқиғаны растады және сотталушының тарапынан оларға да осындай әрекеттер жасалғанын айтты.

Сотталушының кінәсі іс бойынша жиналған сараптама қорытындыларымен, дәлелдемелермен, бетпе-бет кездесу хаттамаларымен және оқиға болған жерді тексерумен дәлелденді.

Прокурор сотталушыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 124-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп тануды және өмір бойы психологиялық және педагогикалық тәрбие беру құқығынан айыра отырып, 17 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, сондай-ақ аталған жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі жоғары мекемелерінде өтеу түріндегі жазаны тағайындауды сұрады.

Алайда сотталушы өз кінәсін мойындағандықтан, жаза тағайындау кезінде сот қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайларды ескерді.

Сот үкімімен сотталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 124-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылды және қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесіне жіберу туралы үкім шығарылып, 15 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Сондай-ақ өмір бойы психологиялық және педагогикалық тәрбие құқығынан айырылды.

 Үкім заңды күшіне енген жоқ.