сенбі, 28 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 7 07.06.2023 12:19

Түркістан облысында тегін дүкен ашылды

Видеодан скриншот

Түркістан облысы Төрткүл ауылында ерекше дүкен ашылды. Онда халық өзіне қажеттіні ақша төлемей-ақ тегін алып кете алады.

Бұл бастаманы ауыл жастары қолға алған. Кейін сондағы үлкен ер кісілерде қолдау көрсетіпті. Осылайша кішігірім дүкен ашылған. Онда ауыл тұрғындары тұрмысына қажетті заттарды тегін алып кете алады. Тіпті дүкен сөресінде қыстық, жаздық киімдер де бар. 

“Төрткүл тегін заттары” деген атаумен ашылған дүкеннің негізі ерекшелігі – халықтың тұрмысын түзеу, жағдайы төмен отбасыларды азайту. 

Аталмыш дүкенге мұндағы жұрт өзінен артылған киімдер мен бұйымдарын алып баратын көрінеді. Ал мұқтаж жандар қажетін алып кетеді. 

Игі істі ұйымдастырушылар тауарды әкеліп өткізер кезде оның таза әрі жарамды екенін мұқият тексеріп, содан кейін ғана қабылдайды. 

Сондай-ақ бұл бастама халықтың оң бағасына ие болса, алда өзге өңірлерде де дәл осындай дүкен ашуды жоспарлап отыр.