сенбі, 28 қыркүйек 2024
Шоу-бизнес 10 07.06.2023 15:46

Әнші Нұрболат Қанай үйленгенін хабарлады

Фото: ашық дереккөз

Жастар арасында Qanay лақап атымен танымал әнші Нұрболат Қанай үйленгенін айтып, көпшіліктен сүйінші сұрады.

 

Өнер иесі бұл туралы өзінің әлеуметті желідегі парақшасында мәлім етті. Сондай-ақ ол неке куәлігі мен жұбайымен бірге түскен суретін жариялады.

“Мағрип намазын бірге оқыдық. Алла Тағала екеуімізге жымиып күлген сияқты. Алла қайырлы қыл. Ал құттықтап қойыңыздар. Не жыларымды, не  күлерімді білмей отырмын”, – деп жазды Нұрболат Қанай.