сейсенбі, 17 қыркүйек 2024
Спорт 10 08.06.2023 11:30

Месси АҚШ-тың «Интер Майами» клубына ауысты

Фото: sportishka.com

Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси АҚШ-тың «Интер Майами» клубында ойын көрсетеді.

Бұл жөнінде ол «Mundo Deportivo» сайтына берген сұхбатында ресми түрде мәлімдеді.

«Мен «Барселона» командасына қайтпаймын, себебі «Интер Майами» командасы қатарына қосыламын. Енді реттейтін бірнеше жұмыс бар. Бұл сауал 100 пайыз толықтай шешілді деп санаймын», - деді ол.

Еске салсақ, жақында Месси Францияның «Пари Сен-Жермен» клубынан кеткенін мәлімдеген болатын. Аргентина құрамасының 35-жастағы шабуылшысы аталған клубтан еркін агент ретінде кетті.

Өткен маусымда аргентиналық шабуылшы «Пари Сен-Жермен» сапында 41 ойында 21 гол соғып, 20 нәтижелі пас берді.