сенбі, 28 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 7 08.06.2023 12:34

Астанада екі ер адам құдыққа түсіп, газға уланып қалды

Фото: liter.kz

Астанада 1985 жылғы ер адам құдыққа түскенде, газ буларына тұншығып, құлаған. 

 

Астаналық ер адам құдықта ес-түссіз жатқан. Мұны 1998 жылғы ер адам көріп, көмектесу үшін құдыққа түсіп, өзі де көмірқышқыл газына уланыпты.

Ер адамдарды МӨС-3 қызметкерлері құдықтан шығарып, "ауыр дәрежедегі күкіртті сутегімен улану " диагнозымен ауруханаға жатқызған", – деп хабарлады Астана ТЖД.