сенбі, 28 қыркүйек 2024
Шоу-бизнес 7 08.06.2023 14:23

Әнші Рысбек Аташ әлеуметтік желі арқылы қанша табыс табуға болатынын айтты

Фото: kznews.kz

"Арай" тобының бұрынғы мүшесі, әнші Рысбек Аташ шығармашылыққа қайта  білек сыбана кіріскенін айтты. Ол тойдан бөлек әлеуметтік желіні табыс көзіне айналдырғанын "Жұлдыз ФМ" студиясында айтып берді.

"Мен TikTok желісіне қалай келдім? Менің әнім осы желіде хит болып жатыр деген хат келді. Сосын аталмыш желіге кіріп көрдім. Менің өлеңім расымен-ақ жастардың көңілінен шығыпты. Басқа әлеуметтік желілерде парақшам болған соң, осында да (TikTok-қа - ред.) тіркелдім. Стримге шығып көрдім. Енді үлкен бір табысқа кенеліп отырған жоқпын. Бірақ 1 аптада 1000 доллар табуға болады. Дегенмен, мен ол ақшаларды пайдаланып жүрген жоқпын. Бірақ табысқа кенелуге болады", - дейді Рысбек Аташ. Айта кетейік, Рысбек Аташ көпшілікке "Арай" тобы арқылы танымал.

Сонымен қатар әншінің "Күннен күнге", "Ұмыт бәрін", "Айтқым келеді" секілді танымал әндері бар.