сенбі, 28 қыркүйек 2024
Шоу-бизнес 12 09.06.2023 10:15

Бақыт Шадаева үйге таласқан Сейфуллин Жолбарысқа ренішін айтты

Фото:stan.kz

Бірнеше жыл бұрын әнші Бақыт Шадаева әріптесі Сейфуллин Жолбарыспен араласпай кеткенін, оған Сейфуллиннің өзінен пәтер сатып алып, артынша ақшасын бермей қоюы себеп болғанын мәлімдеген. Алайда Сейфуллин Жолбарыс отандық бағдарламада әріптесінің сөзін жоққа шығарып, одан ешқандай пәтер алмағанын жеткізді. Бақыт Шадаева БазарLike бағдарламасында өнердегі әріптесіне ренішін айтты.

“Осы дау басталғалы екеуімізздің арақатынасымыз мүлдем жаман болып кетті. Ол жігіттің жауап бермегеніне ішім ашиды. Оны көргім де, естігім де келмейді. Өйткені ер азамат жігіт болу керек, қалай болғанда да дұрыс жауап беру керек қой. Әйелдің қасында басын ие салса да артық болмас еді. Оның үстіне мен одан үлкенмін. Оның бәрін ұмытып, тек өзін қорғап алып жатыр. Онысы дұрыс емес. Ол іште қалған өкпе. Егер досыңыз үйіңізді тартып алса, сіз ұмыта аласыз ба? Егер де сізге жауап бермей жоғалып кетсе, оның үстіне әрбір сұхбатында сіздің өзіңізге шабуыл жасаса. Қалай қарайсыз? Мен де адаммын”, – дейді Бақыт Шадаева.

Әнші досы Сейфуллин Жолбарыспен болған жанжалға не себеп болғанын айтып берді.

“Бұл дау Сейфуллин Жолбарыс алған үйімнің ақшасын бермегендіктен шықты. Бұл жерде зардап шеккен мен”, – деді өнер иесі.

Екі әншінің арасындағы дау шығармашылыққа да әсер еткен. Бағдарлама жүргізушісінің “Сіз орындап жүрген хит әндердің авторы Сейфуллин Жолбарыс болып, даудан кейін әндерді басқа әншілерге таратып бергені рас па?" деген сауалына әнші: “Иә, рас. Солай жасап жатыр, жасай берсін, білгенін істесін. Мен оның әндерін кейінгі кездері айтпаймын. Біріншіден, ол әндердің уақыты өтіп кетті. Екіншіден, ол әндердің бәрін мен орындадым. Қазір жаңа бағытта, жаңа стильде ән айтқым келеді. Мен ол әндерді халыққа жеткізе алдым. Мен бауырым, әріптесім, талант ретінде Сейфуллин үшін көп нәрсе жасадым”, – деп жауап берді.