сенбі, 28 қыркүйек 2024
Шоу-бизнес 9 09.06.2023 11:24

Қарақат Әбілдинаға бір күнде 28 баланың тұсауын кесті

Фото: old.aqmeshit-aptalygy.kz

Танымал әнші Қарақат Әбілдинаға бір күнде 28 баланың тұсауын кесті. 

"Аллаға шүкір тұсау кесер тойымызды аман-есен атқарып алдық. 28 құлыншақтың тұсауы бір күнде кесілді. 

Қадамдарыңа Алланың нұры жаусын, ботақандар !
Алыстан жете алмадық ‘-деп, хабарласып жатқан көп жандарға айтарым, еш мұңаймаңыздар. Осы жолы болмаса, келесі жолы бұйырар.
Ең бастысы бас аман, ниет түзу болсын, әлі талай той алда Жарқырай берiңiздер жақсы адамдар!", деп жазды әнші. 

Халық әншіге балаларының тұсауын кестіріп, алғыстарын айтты. 

Ал, оқырмандар "неге тегін кеспейді, әулеттің үлкен адамдары жоқ па, қандай күшті бизнес, Қарақат бизнес жолын тауып алған ", "Осыдан бес жыл бұрын 50 мыңға кестіргем, қазір  білмеймін", "қазір 100 мың теңге" деп жазды.