сенбі, 28 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 7 12.06.2023 11:42

Абай облысында тағы бір адам жоғалып кетті

Фото: ғаламтордан

Абай облысында орман өртін сөндіруге кетіп, із-түзсіз жоғалған тағы бір адам іздестіріліп жатқаны туралы ақпаратқа Полиция департаменті түсінік берді, деп хабарлайды teznews.kz.

«Егер сізде С.Н.Архиповтын орналасқан жеріне қатысқан қандай да бір ақпарат болса, онда «102» нөміріне немесе жақын маңдағы полиция бөлімшесіне хабарласуыңызды өтінеміз», - делінген Абай облыстық, Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Департамент мәліметінше, тұрғынды іздеу іс-шараларына ведомствоның жеке құрамы жұмылдырылған. Сонымен қатар оның тракторын табу үшін әуеден де де шолу жүргізіліп жатыр.