сенбі, 28 қыркүйек 2024
Шоу-бизнес 9 12.06.2023 13:18

Абай облысындағы өртке байланысты Роза Әлқожа концертін кейінге шегерді

Фото: qazaly.kz

Бүгін, 12 маусымда ел тұрғындары Абай облысындағы орман өртінен қаза болған марқұмдарды аза тұтуда. Осы ретте отандық әнші Роза Әлқожа қайғылы қазаға байланысты Астанадағы кешін кейінге шегергенін айтты, деп хабарлайды Teznews.kz порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

"Қаза қайырлы болсын. Абай облысына қайғырып көңіл айтамыз! Тосыннан келген қазаға байланысты бүгін Астанада кешіміз болмайтынын ескертеміз", - деп жазды Роза Әлқожа Instagram парақшасында.

Айта кетейік, осыған дейін елімізге танымал тұлғалар да Абай облысындағы өртке қатысты алаңдаушылық білдірген болатын. Естеріңізге сала кетейік, Абай облысында 8 маусым күні Батпаев орман шаруашылығының аумағында ағаштар өртенді. Бастапқыда өрт 0,3 гектар аумақты шарпыған.