сенбі, 28 қыркүйек 2024
Шоу-бизнес 22 13.06.2023 10:29

Әнші Қуандық Рахым жаңа көлік сатып алды

Фото: instagram.com/rakhym_kuandyk.kz

Отандық әнші Қуандық Рахым қырық күн бойы еліміздің өңірлерінде 70 концерт өткізіп, еңбегінің нәтижесіне су жаңа көлік сатып алған. Әнші темір тұлпарын Instagram парақшасында көпшілікке көрсетті, деп жазады Teznews.kz порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап. 

"Аллаға сансыз шүкір! Қырық күнге жалғасқан 70 концерттік ән сапарымызды Орал қаласында аяқтадық. Ал мынау сол еңбектің жемісі", - деп жазды Қуандық Рахым.

Суреттен әншінің лентасы шешілмеген су жаңа көлігімен фотоға түскенін де байқауға болады.

Айта кетейік, Қуандық Рахымның таңдауы - Lexus LX 570 көлігіне түскен. Темір тұлпардың нарықтағы құны - 67 млн 140 мыңнан басталады.