сенбі, 28 қыркүйек 2024
Шоу-бизнес 8 13.06.2023 14:19

Димаш Құдайбергеннің атасы қайтыс болды

Фото: massaget.kz

Әлемге танымал қазақ әншісі Димаш Құдайбергеннің атасы дүниеден өтті, деп хабарлайды Teznews.kz порталы El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қазақты  күллі әлемге танытқан Димаштың атасы, қадірлі ақсақалымыз Құдайберген аға  дүниеден озды. Алла алдынан жарылқағай. 
Канат Айтбаев, Света Айтбаева, мықты болыңыздар, - деп жазды журналист Бауыржан Бабажанұлы.

Айта кетейік, Димаш атасы Құдайберген Айтбаевтың қолында өскен. Ата-әжесі Құдайберген Айтбаев пен Миуаз Низамутдинова осыдан бес жыл бұрын отасқандарына 50 жылдығын тойлаған болатын.