сенбі, 5 қазан 2024
Әлем 11 14.06.2023 11:34

Израиль Сирияға соққы берді

Фото: ғаламтордан

Израильдің әуе шабуылдарынан туындаған жарылыстар Дамаск маңында естілді, деп хабарлайды teznews.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме беріп.

"Израиль агрессиясы Дамаск ауылдық жерлеріндегі кейбір аудандарға бағытталған", - делінген хабарламада.

Келтірілген залал немесе зардап шеккендер туралы әлі ақпарат жоқ.

Израиль Сирия аумағына кей-кейде соққы беріп отырады. Әдетте, Иранның әскери кеңесшілері немесе оқ-дәрі қоймалары және Дамаскті қолдайтын ливандық "Хизболла" тобына тиесілі басқа да нысандар орналасқан Сирия жерлері нысанға алынады.