сенбі, 28 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 9 15.06.2023 12:48

Төреғали Төреәлінің адвокаты пікір білдірді

Фото: ғаламтордан

Төреғалидің адвокаты Тілеужан Кішкенбаев әншінің құқығы тапталды деп есептейді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Төреғалидің құқығы тапталды. Бүгінгі жағдай үшін оны ақ демеймін. Бірақ полиция қызметкерлері қызметін асыра пайдаланған. Таңғалдық. Аса ауыр қылмыс жасаған адамдай 20-дан астам тәртіп сақшысы жүр. Түрксіб аудандық полиция басқармасында 3 жылға созылған істер бар. Полицейлер осылай жабылып жүріп жұмыс істесе қуанар едім. Әлі күнге дейін ашылмаған қаншама қылмыстық іс бар бұл ауданда. Қарапайым қазақты қорғамайсыз ба деп жатыр. Көмегіме жүгініп алдыма келген әрбір адамның ісіне жанымды салып кірісемін. Қайдағы жоқ жауапсыз полицей маған сын айтып қояды», - деді Тілеужан Кішкенбаев.

Еске салсақ, осыған дейін әнші Төреғали Төреәлі есірткіге мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол 20 тәулікке қамалып, 7 жыл мерзімге көлік басқарудан шеттетілді. Ол өзінің кінәсін толық мойындады.