сенбі, 28 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 8 15.06.2023 15:15

СҚО-да жоғалып кеткен ер адамның жағдайы белгілі болды

Фото: ашық дереккөз

Солтүстік Қазақстан облысында 2,5 айға жуық уақыт хабарсыз болған Нариман Нұрсейітов аман-есен табылды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Қызылжар ауданы Чапаев елді мекені тұрғынының аман-есен табылғандығы жөнінде СҚО волонтерлері хабарлады. Елу жастағы Нариман Нұрсейітов 26 наурыз күні үйінен Петропавлға жолға шығып, содан ер адамнан хабар үзілген еді.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адамды іздеуге полицияның арнайы топтары құрылды, волонтерлер көмектесті.

«20 мамыр күні Аққайың ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жоғалған ер адамның жүрген жерін анықтады. Ол Ақмола облысы Қорғалжың ауданына кетіп, сол жақта малшы болып жұмысқа орналасқан», - делінген хабарламада.