сенбі, 28 қыркүйек 2024
Шоу-бизнес 14 15.06.2023 15:54

Меруерт Түсіпбаева халыққа жаңа үйін көрсетті

Фото: sn.kz

Отандық әнші Меруерт Түсіпбаева көпшілікке жаңадан алған үйін көрсетті. "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында әнші үйді сатып алу және құрылыс жұмыстарына, жиһазына жүз млн теңге қаражат кеткенін айтты, деп хабарлайды Teznews.kz порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап. 

"Біраз уақыттан бері жалғыз тұрамын ғой. Балам шетелде. Балам Алматыда оқыған жоқ. Қазақ түрік лицейінде интернатта тұрды. Бір кезде мен Қалқаман ауданынан 300 шаршы метр шамасындағы жер үй сатып алғанмын. Ол үйде тұра алмадық. Балам да жерсінбеді", - деді әнші.

Сонымен қатар әнші бірінші қабатта тұру арманы болғандықтан, осы үйді ұнатып, сатып алғанын айтты.

"Бірінші қабатта тұру арманым еді. Осы үйді ұнатып сатып алдық та, жөндеу жұмыстарын бастап кеттім. Бұл Алматыда тұрғалы 16-шы үй. Осы 16 үйдің барлығына дерлік өзім жөндеу жұмыстарын жасағанмын.

Бұл үйге құрылысты өзім жасадым. Қазіргі үй 100 шаршы метр және 27 шаршы метр террасасы бар. Құрылысын өзім қалағандай жасадым. Әр үйімде әр түрлі дизайн бар. Бұл үйді сатып алу, жиһаз, құрылыс жұмыстарын қоса есептегенде 100 млн теңге кетті. Шынымды айтсам, ақшаны аяған жоқпын", - деді Меруерт Түсіпбаева.