сенбі, 28 қыркүйек 2024
Шоу-бизнес 19 19.06.2023 17:7

"Іш киіміне дейін көрсетеді" - Тамара Асар қыз жасауы туралы айтты

Фото: Almaty.tv

Отандық әнші Тамара Асар ұзтылған қыздың жасауын көрсеткенде шұлығы мен іш киіміне дейін көрсететіндерді сынға алды. Әнші "Қыздар-ай" бағдарламасында қазақтар неге қыз жүгінен тек сандық пен көрпені көрсеткенінің сырын айтты, деп хабарлайды Teznews.kz порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

"Қыз жасауының шұлығы мен іш киіміне дейін көрсетеді. Бірінші көргенде жүрегім біртүрлі болды. Кейін үйреніп, мән бермей кеттім. Мән бермей жүріп, көп нәрсені өткізіп алдық. Қыздың жүгі бөлек қой. Майда-шүйдесін етене жақындарына көрсетсе екен. Қомақты көрпе-төсегін, сандықты қазақ не үшін көрсеткен? Қазақ өнерді бағалаған ғой. Көзінің майын тамызып жасаған адамның өнерін көрсетейін деген ғой", - деді Тамара Асар.