сенбі, 28 қыркүйек 2024
Шоу-бизнес 10 20.06.2023 12:44

Жаңа түскен келінге ән арнаған Тұрсынбек Қабатовтың әйелі сынға ұшырады

Фото: әлеуметтік желі

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі, продюсер Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желідегі парақшасында ән айтқаны видеосын жарялап, көпшіліктің сынының астында қалды. 

Продюсер келін түсіргенін айтып, қуанышымен бөлісті. 

Сәлем бердім, инста әлемім! Соңғы апталар қарбалас, жүгіріс болып кетті. Стористерімнен көрген боларсыздар, келін түсірдік, әулетіміздің тұңғыш немересін үйлендірдік. Түрлі іс-шараның басын дөңгелетіп жүрсек те, әулеттің тойын ұйымдастыру екі тіпті үш есе жауапкершілік, қобалжу екен.Тойға дайындық кезеңі ең бір қызық, есте қалатын бақытты сәттер ғой. Арасында бір ұрысып, бір күліп, ұйқы көрмей жүріп тойдың қалай өтіп кеткенін байқамай да қаласың”, – деп жазды Мөлдір Мұқанова.

Әулеттің тойын қазақтың келін шәй дәстүрімен ерекшелегенін айтқан ол, қалыңдықты жетектеп ән шырқады. Сондай-ақ оқырманнан өнеріне баға беруін сұрады.

“Қалай істейміз, не істейміз деп жүргенде ерекшелік болсын деп торттың орнына, келін шәй бердік. Әулеттің барлық келіндері қаз-қатар тізіле қолдарына шәйнектерін алып, меймандарымызға шәй құйды. Кейін видеодан қарап отырсам, өте әдемі көрініс екен. Барынша әдемі болсын деп соған орай "келін шәй" әнін жаздырдым. Келген қонақтарымыз дән риза болып қайтты. Бағасын берер өздеріңіз, алтын оқырман. Мендегі бар жаңалық осы. Елімізде тек қуаныш, той болсыншы”, – делінген жазбада.

Бұған дейін ерсі билеп желіні жарған Мөлдір Мұқанованы жаңа образда ән айтып жүргенін көрген көпшілік оны сынап тастады.

“Бірде жынды сияқты билейді енді майысып қыз ұзатып жүр”, “Жынданып билеуді доғарды ма?”, “Сөздері түсініксіз. Музыкасы басым”, “Бұл да әнші боп кеткен бе?”, “Елден қалма, мүмкін әнші болып кетерсің”, “Әнге дауыс керек”, “Ұялмаған әнші болады", – деп жарыса жазды желі қолданушылары.