сенбі, 28 қыркүйек 2024
1 20.06.2023 14:28

Медицина, байланыс және автобус тасымалына қазақстандықтардың көңілі толмайды

Фото: seminar23.ru

Сауда және интеграция министрлігі тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің төрағасы Асқар Тынысбеков отандастарымыз қанағаттанбайтын салалар мен оның себебін айтып берді.

«Қазақстандық тұтынушылар ең алдымен медициналық қызметтерге (9,3%) қанағаттанбайтын болып шықты. Нақтырақ айтқанда, медициналық персоналдың дөрекілігі, ұзынсонар кезек және сапасыз көрсетілген медициналық қызметтерге көңілі толмайды. Екінші орында - байланыс, оның ішінде интернет (33,3%). Яғни абоненттік төлемақыны заңсыз өсіру, сапасыз интернет, сол сияқты тарифтік жоспардың құнын ұлғайту және өзгертуге қатысты», - деді Асқар Тынысбеков орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Төрағаның айтуынша, отандастарымыз қанағаттанбайтын келесі сала - қоғамдық көлік жұмысы (30,7%).

«Атап айтқанда, жолаушы тасымалдау ережесінің бұзылуы, персоналдың дөрекілігі, жолақысын қолма-қол және онлайн есеп айырысудағы баға айырмашылығы. Келесі - қоғамдық орында тамақтану қызметі (24,4%). Ол жерде де дөрекілік және сапалы қызмет көрсетпеу, бүлінген тамақ және санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталмауы», - дейді ол.