сенбі, 28 қыркүйек 2024
Әлем 9 21.06.2023 13:30

Гондураста әйелдер түрмесіндегі қақтығыстан 41 адам қаза тапты

Фото: BBC.com

Гондурастағы әйелдер түрмесінде болған тәртіпсіздіктер салдарынан 41 адам көз жұмды.

Түрмедегі қарсы топтар арасында төбелес басталып, бір тарап екіншісінің камерасын өртеп жіберген. Ресми тұлғалардың хабарлауынша, өрт көп адамның қазасына себеп болды, кейбір құрбандар оққа ұшқан. Тағы бірнеше жазасын өтеуші ауруханаға жеткізілді. Елдің қауіпсіздік министрінің орынбасары Хулисса Вильнуэва төтенше жағдай жариялады.

«Адамдар арасында құрбандыққа жол берілмейді», - деді ол.

Түрме Гондурас астанасы Тегусигальпадан 20 шақырымдай жерде орналасқан және оған 900-ге жуық адам сыяды. Оқиға кезінде түрменің бір бөлігі толығымен қираған.

Гондурас сыбайлас жемқорлық және топтық зорлық-зомбылық көп жасалатын ел ретінде белгілі.