сенбі, 28 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 4 21.06.2023 14:35

Қарағанды облысында жол апатынан 6 адам көз жұмды

Фото: Аренда авто

Қарағанды облысында жол апатынан 6 адам көз жұмды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«20 маусым күні сағат 18.15 шамасында республикалық маңызы бар Алматы-Екатеринбург тас жолында, Қарағанды қаласына 20 шықырым жетпей, «Тайота камри» және «Ниссан» автокөліктерінің қатысуымен жол көлік оқиғасы болды.

Жол көлік оқиғасының салдарынан 6 адам, оның ішінде екі көліктің жүргізушілері алған дене жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. Екі кәмелеттік жасқа толмаған бала әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді», - деп жазды ведомстводан.

Аталған факті полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Қорытындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданатын болады.