сенбі, 28 қыркүйек 2024
Шоу-бизнес 9 21.06.2023 22:58

Төреғали Төреәлінің қамаудағы мерзімі тағы ұзарды

Фото: KAZ.NUR.KZ.

Төреғали Төреәлінің қамау мерзіміне тағы үш күн қосылды. Бұл туралы алматылық сот Facebook-тегі ресми парақшасында хабарлады.

Алматылық сот қазақстандық әнші Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 613 бабы, 1-бөлігі "полиция қызметкерінің талаптарын орындамау" бойынша қосымша жауапкершілікке тартылған.

"Іс материалдарын зерделеп, сот 14 маусымда Әлихановтың (Төреғали Төреәлидің тегі – авт) есірткіге мас күйінде автокөлікті жүргізгенін анықтады. Ол патруль полициясының көлік құралын тоқтату туралы заңды талаптарын орындамады", - делінген сот отырысында. Төреғали Төреәлі кінәлі деп танылып, оған үш тәулікке қамауға алу түрінде әкімшілік жаза қолданылады.