сенбі, 28 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 8 22.06.2023 11:8

Алматыда күдікті деп танылған ер адам полицей көлігінде суицид жасады

Фото: Tengrinews

Алматыда көлік ұрлап қолға түскен күдікті ер адам полицейлердің қызметтік машинасында өзіне қол салды, деп хабарлайды Teznews.kz.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растады.

Оқиға Алматының Жетісу ауданында болды. Ер адам тергеу тобының көлігінде өз-өзіне қол салған.

«Қайтыс болған 43 жастағы И. есімді азамат өзінің танысының «Тойота» автокөлігін ұрлады деген күдікпен ұсталған. Сараптама қорытындысына сәйкес, марқұм мас болған. Мән-жайлар анықталуда», - деп хабарлады ведомстводан.