сенбі, 28 қыркүйек 2024
Шоу-бизнес 20 22.06.2023 14:25

Нұртас Айдарбеков ұлы Заңғарға қандай қызға үйлену керегін айтты

Фото: 365info.kz

Белгілі әнші Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков кенже ұлы Заңғарға үйлеген кезде қыздың қандай қасиеттеріне мән беру керегін айтты. 

Заңғар Нұртас әкесінен өзіне қандай қыз жарасатынын сұрап, өзара әңгімесін әлеуметтік желіге жүктеді.

“Бойы ұзын ба, қысқа ма, маған бәрібір. Оны өзің көрерсің. Мен үшін оның адамгершілігі маңызды, денсаулығына қара. Бойы сенің иығыңнан келсе болды. Жастауын ал, бала туатын. Миыңды қатырмай тезірек үйлен”, – дейді әкесі телефонның арғы жағынан.

Заңғардың өзі жас қызды алудың оңай емес екенін айтты.

“Жас қызды үйрету керек, тәрбилеу керек. Оның бәрі уақыт”, – деп жауап қатты әкесіне.