сенбі, 28 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 4 22.06.2023 15:53

Алматы қаласының әкімі әйелінің бизнесі жайлы айтты

Алматы, әкім,әйел, Ерболат досаев, бизнес

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы әкімі Ерболат Досаев әйелінің жарнамалық бизнестегі қызметіне қатысты ашық айтты. 

Журналистер брифингте “Алматыда сыртқы жарнаманың айтарлықтай үлесі РТС Деко АҚ жарнамалық конструкциялар орналастыратын компанияға тиесілі. Олардың соңғы жарнамалары –  бұл Алматы мейрамханаларының афишасы. Сыртқы жарнаманың көп мөлшерін жүргізетін компанияның тең құрылтайшысы сіздің жұбайыңыз Досаева Гүлнар екені белгілі. Сіз бұл жерден мүдделер қақтығысын көріп тұрған жоқсыз ба?” – деп сұрақ қойды. 

Әкім компания өте ұзақ уақыт бұрын құрылғанын айтты.

“Компанияның негізгі серіктесі – JCDecaux, компаниялар тобының жарнама саласындағы әлемдік көшбасшысы. Қалғандары төрт құрылтайшы арасында бөлінді. Қалаға менің басшы болуым келуімді ескере отырып, мен бұл мәселе болатынын түсіндім. Өткен жылдың желтоқсан айында екі жеке серіктес, оның ішінде менің жұбайым Қапарова Гаухар да бар 15%-дық үлестің барлығын біздің басқа жеке серіктестерімізге сатты. Олар оны сатып алды. Сондықтан өткен жылдан бері жарнамалық бизнеске қатысымыз жоқ. Тағы бір рет айтамын тарихи үлесі бар-жоғы 15 пайыз ғана болған. Сондықтан ол жарнама бизнесі өздігнен менің араласуымсыз дамығанын айтамын”, – деді ол. 

Бұдан кейін журналист “неге желтоқсан айында ғана сатылды” деген сұрақ қойды. 

“Біз желтоқсанға дейін сатып алушы компаниямен келіссөздер жүргіздік. Мен француз жақпен және өзіміздікілермен келіссөздермен жүргіздім. Бағаға қатысты шаруалар реттелді”, – деп жауап берді Ерболат Досаев.