сенбі, 28 қыркүйек 2024
Шоу-бизнес 10 22.06.2023 17:24

Абай Бегей итіне үйшікті қанша теңгеге салдырғанын айтты

Фото: ernur.kz

Отандық әнші Абай Бегей ит жануарын қатты жақсы көретінін айтты. "Ұйқым келмейді" бағдарламасына келген әнші тіпті 300 мыңға итіне үйшік салдырғанын да жасырмай баяндап берді, деп хабарлайды Teznews.kz порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

"300 мың теңге болғанда, қазір құрылыс зат тары қымбат. Сол 250 мың теңгесі сол құрылыс заттарына кеткен шығар. Баламның иті, төбет. Әлі үшік. Иттің атын балам қойды. Ауылда өстік. Сегізінші сынып оқып жүргенде Қарақұлақ деген итім бар еді. Соған мал дәрігері келіп у беріп кетіп, өліп қалды. Бір апта жылағанмын. Негізі итті жақсы көремін. Содан бері ит асырамай кетіп едім", - деді Абай Бегей.