сенбі, 28 қыркүйек 2024
Шоу-бизнес 9 23.06.2023 12:58

Төреғали Төреәлінің Астанадағы концерті өтпейтін болды

Фото: ашық дереккөз

Әнші Төреғали Төреәлінің Астанадағы концерті өтпейтін болды.

Ақпаратты Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның баспасөз қызметі растады.

"7 шілдеде Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда Төреғали Төреәлі мен Әбдіжаппар Әлқожаның концерті өтеді деп жоспарланған болатын. Кеше, 22 маусымда концертті ұйымдастырушы концерттің болмайтынын хабарлады. Демек, бұл концерт біздің залда өтпейді", – деп хабарлады филармонияның баспасөз қызметі.