сенбі, 28 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 2 26.06.2023 16:44

Ақтауда "Өзенмұнайгаз" директорының бұрынғы орынбасары ұсталды

Фото: tengrinews.kz

Қаржылық мониторинг агенттігі "Өзенмұнайгаз" АҚ Бас директорының бұрынғы орынбасары, қазір "Қаражанбасмұнай" АҚ Бас директорының орынбасары Ермек Қарамырзаевтың ұсталғанын мәлімдеді. 

 

Қарамырзаев "КЕЗБИ" ЖШС-нің және "Өзенмұнайгаз" АҚ-ның басқа да мердігер ұйымдарының заңды кәсіпкерлік қызметіне кедергі жасау мақсатында өзінің қызметтік өкілеттігін пайдаланған деген күдікке ілінде. 

“Қарамырзаев конкурстың жекелеген қатысушыларының біліктілік талаптарына сәйкес келмейтінін және мұнай-газ саласындағы жұмыс тәжірибесі туралы жалған құжаттар ұсынғанын біле тұра, оларды тендерге қатыстырған. Олардың мүдделерін қолдауды жалғастыра отырып, ол "КЕЗБИ" ЖШС-ні компаниясы үшін ұңғымаларды жерасты жөндеу бойынша көрінеу қолайсыз шарт жасасуға мәжбүр етті”, – делінген ақпаратта. 

Қарамырзаев осылайша "КЕЗБИ" ЖШС-нің заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіріп, мыңнан астам қызметкердің құқықтарын бұзды, сондай-ақ мердігер ұйымдардың еңбек ұжымдарында әлеуметтік шиеленіс тудырды деп айыпталды.