бейсенбі, 19 қыркүйек 2024
Әлем 9 13.12.2022 18:49

Украина президенті бейбітшілікті жақындататын үш қадамды атады

Фото: m24.ru

Украина президенті Владимир Зеленский G7 елдерінің басшыларына жолдаған үндеуінде ел аумағына бейбітшілікті жақындататын үш қадамды атады, деп хабарлайды Teznews.kz порталы Ulysmedia.kz агенттігіне сілтеме жасап.

Видео оның Telegram-арнасында жарияланды.

Украина басшысының сөзінше, бірінші қадам – Киевке заманауи танктер, артиллерия, снарядтар, сондай-ақ реактивті артиллерия мен алыс қашықтықтағы зымырандар беру.

Екінші қадам – 2023 жылы Украинада қаржылық, энергетикалық және әлеуметтік тұрақтылыққа қол жеткізуге қолдау көрсету, атап айтқанда украин энергетикасын соққылардан сенімді қорғауды қамтамасыз ету.

Үшінші қадам – Украина президенті бұрын ұсынған «бейбітшілік формуласын» орындау, сондай-ақ Global Peace Formula Summit-ті шақырып, Украинаның «бейбітшілік формуласының» тармақтары қалай және қашан жүзеге асырылатынын анықтау.

Естеріңізге сала кетейік, Зеленский өзінің «бейбітшілік формуласын» қараша айында G20 саммитінде сөйлеген сөзінде таныстырған. Оған Украинадағы бейбітшілікке қол жеткізуге мүмкіндік беретін он қадам кіреді.